Еттен түбегейлі бас тарту ми үшін қауіпті деп танылды

Еттен түбегейлі бас тарту ми үшін қауіпті деп танылды
Фото: KamranAydinov / Freepik

Ет жеу психикалық және физикалық денсаулық үшін өте маңызды. Диетолог Джорджия Ив KIRO News Radio-ға берген сұхбатында еттен түбегейлі бас тарту миға зиян екенін ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маманның айтуынша, вегетарианшылық ми жұмысына зиян тигізуі мүмкін, мұның себебі тек ақуыз жетіспеушілігі емес.

"Ет құрамында ақуыздан басқа да қоректік заттар бар. Вегетариандық диетаны мұқият жоспарлау ғана адамға ақуыздың дұрыс, қажетті мөлшерін бере алады", - деді ол.

Диетолог ақуыз көзі ретінде жасымық пен брокколиді мейлінше көбірек жеуді ұсынды.

Алайда, В12 дәрумені, май омега-3 қышқылдары, мырыш, холин, темір және йод секілді адам ағзасына қажетті барлық қоректік зат еттің ғана құрамында бар. 

"Сонымен қатар, ет қандағы қант пен инсулин деңгейі үшін ең қауіпсіз тағам", - деп қорытындылады Джорджия Ив.

Айта кетейік, бұған дейін бір апта бойы ет жемесе, ағзада не болатыны хабарланған болатын. 

Артықшылықтары:

  • Асқорытудың жақсаруы;
  • Жүрек-қан тамырлар жүйесінің жақсаруы;
  • Жаңа өнімдермен тәжірибе жасау;
  • Калорияның азаюы;

Кемшіліктері:

Нақты қоректік заттардың жетіспеуі. Ет - жоғары сапалы ақуыз, темір, мырыш және В тобы дәрумендерінің көзі. Осы заттардың жетіспеушілігі болмас үшін еттен бас тартқан кезде оған балама өнімдерді мұқият таңдау қажет.

Ағзаның жағымсыз реакциясы. Кей адамдар еттен уақытша бас тартқан кезде ағзасынан жағымсыз өзгерістер байқауы мүмкін. Мысалы, асқорытуында қандай да бір өзгерістер байқалуы мүмкін немесе энергиясы азайып кеткенін сезуі мүмкін.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә