Мәскеудегі концерт залында адамдарды атып тастаған лаңкестер ұсталды - БАҚ

Мәскеудегі концерт залында адамдарды атып тастаған лаңкестер ұсталды - БАҚ
Фото: Baza

БАҚ-та "Крокус сити холлда" теракт жасаған лаңкестер ұсталғаны туралы хабар тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Baza телеграм арнасына сілтеме жасап. 

Ресей билігінде әзірге бұл ақпараттарға қатысты ақпарат жоқ. Телеграмдағы мәлімет бойынша, күдіктілер отырған көлік Теплый ауылының маңында табылған көрінеді. Бұл Беларусь пен Украина шекарасында орналасқан ауыл. 

Сонымен қатар, телеграмдағы мәлімет бойынша, көлікте, алдын ала мәлімет бойынша, алты адам отырған. Оның екеуі ұсталып, төртеуі қашып үлгерген. 

Тәжікстанның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады. Ведомство мәліметінше, желіде терактқа тәжікстандық азаматтардың қатысы бар деген фейк тараған.  

Артынша Госдума депутаты Александр Хинштейн  күдіктілер отырған көлік Хацунь ауылының маңында анықталғанын мәлімдеді. Көлікті полиция тоқтатуға тырысқанымен ішінде отырған адамдар тәртіп сақшыларына бағынбай кеткен.  

"Атыс басталып, көлік аударылып кетті. Бір террорист оқиға орнында ұсталды. Қалғаны орманға қарай қашып кетті. Іздеу нәтижесі бойынша, 03:50-де екінші террорист ұсталды. Қалғанын іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Іздеу операциясына барлық күш құрылымы жұмылдырылды", - дейді депутат телеграм арнасында. 

Оның сөзінше, күдіктілер отырған "Рено" көлігінде Макаров тапаншасы, Калашников автоматының оқтары мен жеке құжаттар табылған. 

Сонымен қатар, желіде күдіктілер отырған "Рено" автокөлігінің суреті тарады. 

Фото: Телеграм - "Осторожно новости"

Еске салайық, 23 наурызға қараған түні Ресейлік Telegram-арналар мен БАҚ-та Мәскеуде теракт болғаны туралы ақпарат тарады.  

Бастапқы деректер бойынша, кемінде 40 адам қаза тауып, 100 адам зардап шеккен

Ақорда Мәскеудегі терактіге байланысты мәлімдеме жасады

Соңғы мәліметтер бойынша, теракт салдарынан қаза тапқандар саны 82-ге жеткен

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина