Мәскеудегі теракт: Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелерімен жиын өткізеді

Мәскеудегі теракт: Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелерімен жиын өткізеді
Фото: Ақорда

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелерімен жиын өткізеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдегі лаңкестік оқиғаға байланысты қабылданатын шаралар туралы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелерімен жиын өткізеді", - делінген Ақорда хабарламасында. 

Еске салайық, 23 наурызға қараған түні Ресейлік Telegram-арналар мен БАҚ-та Мәскеуде теракт болғаны туралы ақпарат тарады.  

Соңғы деректер бойынша, кемінде 40 адам қаза тауып, 100 адам зардап шеккен

Ақорда Мәскеудегі терактіге байланысты мәлімдеме жасады

Соңғы мәліметтер бойынша, теракт салдарынан қаза тапқандар саны 82-ге жеткен

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина