Кремль Крокус Сити холлдағы лаңкестік әрекетке қатысты пікір білдірді

Кремль Крокус Сити холлдағы лаңкестік әрекетке қатысты пікір білдірді
Фото: РИА Новости

Ресей президенті Владимир Путин "Крокус Сити холлда" болып жатқан оқиғалар туралы және барлық тиісті қызмет желісі бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы үздіксіз ақпарат алып отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "РИА Новостиге" сілтеме жасап.

"Президент болып жатқан оқиға мен қабылданып жатқан шаралар туралы және барлық тиісті қызметтің желісі бойынша ақпарат алып отыр", - деп жауап берді Дмитрий Песков журналистерге.

Оның айтуынша, Путинге атыс басталғаны туралы ақпарат "Крокус Сити холлда" болған оқиғаның алғашқы минуттарында хабарланған.

Еске салайық, бұған дейін Мәскеуде белгісіз біреулер адамдарға оқ жаудырды: ондаған адам қаза тапқаны хабарланған болатын. 

Кейінірек Крокус Сити холлдағы терактта 40 адам қаза тапқаны белгілі болды. 

Қазақстан Президенті лаңкестік әрекет кезінде азаматтардың қаза табуына байланысты Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айтты. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Мәскеудегі терактке байланысты мәлімдеме жасады.

  Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә