Қарақұмық арықтауға көмектесетіні рас па?

Қарақұмық арықтауға көмектесетіні рас па?
Фото: pixabay.com

Қарақұмық жиі салмақ тастауға көмектесетін өнім ретінде айтылады. Бұл рас па? Оған Tengri Life жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қарақұмықтың пайдалы қасиеттері

Қарақұмық қоректік заттарға, оның ішінде жасұнық, ақуыз және В тобының дәрумендеріне бай. Сондай-ақ оның құрамында темір, магний және мырыш бар. Қарақұмықтың гликемиялық индексі төмен, яғни оны жегеннен кейін қандағы қант деңгейі бірден емес, баяу артады.

Қарақұмықтың арықтауға пайдасы

Теориялық тұрғыда қарақұмық арықтауға бірнеше себеппен көмектесе алады. Біріншіден, оның құрамында жасұнық көп. Жасұнық жылдам тоюға және тоқтық сезімін ұзартуға ықпал етеді. Бұл жалпы тұтынатын калория мөлшерін азайтуға көмектеседі. Екіншіден, қарақұмықтың гликемиялық индексі қандағы қант деңгейінің бірден өзгеруінің алдын алады. Қандағы қан деңгейі бірден өзгерсе, адам тәтті немесе калориялы тамақ жегісі келеді.

Зерттеу нәтижелері

Қарақұмықтың арықтау құралы ретінде танымал болғанына қарамастан, оның тиімділігіне қатысты ғылыми зерттеулердің нәтижесі әртүрлі. Кей зерттеулер қарақұмық жеу майдың аздығымен және дене массасының төмен индексімен байланысты десе, басқа зерттеулер қарақұмық жеу мен салмақ тастаудың арасында байланыс жоқ екенін айтады.

Қарақұмықты күнде жеу керек па?

Қарақұмық шынымен де өте пайдалы. Оны рационға қосқан жөн. Алайда тұынатын калория мөлшерін бақыламасаңыз және физикалық белсенділікпен айналыспасаңыз, қарақұмық жеу артықтауға көмектеспейді.

Рационда тепе-теңдік пен шаманы білу маңызды. Тәрелкеңізді түрлендіріңіз: оған тек қарақұмық емес, басқа да пайдалы өнімдерді салыңыз.

Оқи отырыңыз: "Вакуум" жаттығуы шынымен ішті кетіре ме? Маман жауап берді

А. Жапатова