Қайтыс болғаны туралы қауесет тараған Король Чарльз III-тің жаңа фотолары жарияланды

Букингем сарайы Король III Чарльздің жаңа фотосуреттерін бөлісті. Бұған дейін бірқатар БАҚ оның қайтыс болғанын хабарлаған болатын, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бүгін таңертең король Букингем сарайында Корея соғысының ардагерлерімен кездесіп, қақтығысты тоқтатқан бітімгершіліктің 70 жылдығын атап өтті. Сол соғысқа Ұлыбритания мен Достастықтың түкпір-түкпірінен 60 мың әскери қызметші қатысты, олардың 1 100-і қайтыс болды. Кейінірек сарайда Король ханшайымы мен Эдинбург герцогинясы Ұлы мәртебелі атынан "Ұмытылған соғыстың" мерейтойына орай қабылдау өткізеді", – делінген Букингем сарайының хабарламасында.

Бұған дейін бірқатар БАҚ пен Telegram-канал Ұлыбритания королі Чарльз III-тің қайтыс болғанын хабарлаған болатын. Алайда бұл жалған болып шықты.

Корольдік отбасының сайтында немесе әлеуметтік желілерде ресми мәлімдеме болған жоқ. Әлеуметтік желіде Букингем сарайының жалған мәлімдемесі тарады.

Еске салайық, ақпан айының басында Букингем сарайы Чарльз III-ге қатерлі ісік диагнозы қойылғанын хабарлады. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!