Ұлыбритания королінен қатерлі ісік табылды

Ұлыбритания королінен қатерлі ісік табылды
Фото: instagram.com/theroyalfamily

Ұлыбритания королі III Чарльзден қатерлі ісік табылды. Бұл жайлы 5 ақпан күні Букингем сарайы мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өткен айда III Чарльз ұлғайған простата безін түзету үшін Лондондағы ауруханаға барған. Сол жерде одан онкология анықталған. 

"Қатерлі ісік формасын" анықтаған анализдер жүргізілді. Ұлы мәртебелім, бүгін жүйелі ем кестесіне көшті. Оған дәрігерлер қоғамдық міндеттерді кейінге қалдыруға кеңес берді. Бірақ Ұлы мәртебелім мемлекеттік істермен және ресми құжаттамалармен айналысуды үйреншікті режимде жалғастырады", - делінген хабарламада.

Ұлыбритания королі қауесеттердің алдын алу үшін және әлем бойынша осы ауруға шалдыққандарға қандай да бір қолдау беру мақсатында өз диагнозымен бөлісуді жөн көрген.

Оқи отырыңыз: Қатерлі ісік жайлы білмей қалмас үшін қашан және қандай тексерістен өту керек?

А. Жапатова