Дәрігер терінің салбырауы және қартаюымен күресуге көмектесетін дәрумендерді атады

Дәрігер терінің салбырауы және қартаюымен күресуге көмектесетін дәрумендерді атады
Фото: pixabay.com

Сәбіз, цитрус және бұрыш терінің жастығын сақтауға көмектеседі. Олардың құрамында коллагенді қалыпты ұстауға қабілетті А және С дәрумендері бар. Бұл туралы терапевт және гастроэнтеролог Дмитрий Карпенко айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "m24.ru" сілтеме жасап.

Оның айтуынша, А дәрумені коллагеннің ыдырауына жол бермейтін ферменттердің синтезіне қатысады. Ол теріні қатайтып, салбыраумен күреседі.

"А дәрумені майда еритін топқа жатады, яғни ол майлармен жақсы сіңеді. Сондықтан көбінесе үккіштен өткен сәбізге зәйтүн майы немесе қаймақ сияқты өсімдік майын қосып жеген дұрыс", - деді дәрігер.

Сонымен қатар, Дмитрий Карпенко С дәрумені бар жемістер мен көкөністерді тұтынуға кеңес берді. Бұл дәруменді мандарин, лимон, сары, қызыл және жасыл болгар бұрышынан табуға болады.

Айта кетейік, бұған дейін жас көрінгісі келетіндерге, қартаюды баяулататын 10 өнім хабарланған болатын. 

  1. Көкжидек;
  2. Тәтті картоп;
  3. Қызыл болгар бұрышы;
  4. Анар;
  5. Сарымсақ;
  6. Қара шоколад;
  7. Брокколи;
  8. Қызанақ;
  9. Авокадо;
  10. Жаңғақтар.

Тағы да оқи отырыңыздар: Майлардың адам организміндегі маңызы қандай?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә