Жас көрінгіңіз келе ме? Қартаюды баяулататын 10 өнім

Жас көрінгіңіз келе ме? Қартаюды баяулататын 10 өнім
Фото: ru.freepik.com

Қартаюды тоқтату мүмкін емес, бірақ оны баяулатуға болады. Өз жасыңыздан жас көріну үшін тері жағдайын жақсартатын өнімдер қолдану керек. Теріні іштей белсенді қоректендіретін және ерте қартаюдың алдын алатын 10 өнімді ұсынамыз.

1. Қаражидек

Жидектер А және С дәруменіне бай. Олардың құрамында теріні күйзелістен, атмосфералық ластықтан және күн сәулесінен қорғайтын антоциан антиоксиданттары бар.

2. Тәтті картоп

Тәтті картоптың құрамында бета-каротин көп. Ол А дәрумені ретінде белгілі. Ол жасушалық зат алмасуды арттырады, сондықтан тері сау әрі жас көрінеді. Сондай-ақ тәтті картоп С және Е дәрумендеріне бай. Бұл дәрумендер тері түсін тегістейді және теріні бос радикалдардан қорғайды.

3. Қызыл болгар бұрышы

Бұл көкөністің құрамында пайдалы элементтер көп. Антиоксиданттар қартаю белгілерімен күреседі, каротиноидтар қабынуға қарсы әсерге ие, ал С дәрумені коллаген бөлінуін ынталандырады.

4. Анар

Анар жемісінде пуникаголин және С дәрумені бар. Олар бос радикалдарды ыдыратады, коллаген синтезін жылдамдатады және теріні безеуден тазартады.

5. Сарымсақ

Сарымсақ табиғи детокс ретінде жұмыс істейді. Ол антибактериялық әсерге ие және тері жастығын сақтайтын аллициннің көзі.

6. Қара шоколад

Қара шоколад әжімнің ерте пайда болуының алдын алады. Шоколад құрамына кіретін какао-атбас бұршақтарында флавонол бар. Бұл күн сәулесінің жағымсыз әсерін бейтараптандыратын қосылыс.

7. Брокколи

Орамжапырақтың бұл түрі А, С және К дәрумендеріне, кальций, фолий қышқылы және жасұныққа бай. Олар теріге өте пайдалы.

8. Қызанақ

Қолжетімді бұл көкөніс - қартаюды баяулататын тиімді өнім. Оның қанық қызыл түсі ликопинмен түсіндіріледі. Бұл зат теріні серпімді етеді.

9. Авокадо

Оның құрамына қоректік заттар көп: онда A, E, C, K дәрумендері, В тобының барлық дәрумендері, калий, магний және уыттардан қорғайтын каротиноидтар бар.

10. Жаңғақтар

Жаңғақтардың басты құндылығы – олардың омега-3 майлы қышқылдарға бай болуы. Сондай-ақ олар Е дәруменіне бай. Олар тері құрылымын қалыпқа келтіреді, оны ультракүлгін сәуледен қорғайды және қабынудан болатын залалды азайтады.

Сондай-ақ қартаю прцесін баяулату үшін мына кеңестерді сақтаған жөн:

  • Ағзадағы сұйықтық тепе-теңдігін сақтаңыз. Күнде 8-10 стақан су ішіңіз;
  • Жақсы ылғалдандырушы крем таңдаңыз;
  • Классикалық тері күтімі жайлы ұмытпаңыз: тазарту, тоник жағу, ылғалдандыру;
  • Жастыққапты жиі ауыстырыңыз. Жастыққаптың жібек немесе атлас матадан тігілген түрін алған дұрыс;
  • Ұйқы режимін сақтаңыз;
  • Далаға SPF-құрал жақпай шықпаңыз;
  • Темекі тартпаңыз;
  • Тері және дене тонусын сақтау үшін спортпен айналысыңыз.
А. Жапатова