Денсаулық пен денебітімге зияны аз фастфуд түрі белгілі болды

Денсаулық пен денебітімге зияны аз фастфуд түрі белгілі болды
Фото: pixabay.com

Жұмыртқа қосылған кішкентай бургер денсаулыққа және теңдестірілген диетаға зиян тигізбейді, өйткені бұл тағамда ақуыз жеткілікті. Бұл туралы диетолог Келси Куник мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Daily Mail" сілтеме жасап.

Кейде үнемі дұрыс тамақтануға тырысатын адамдарға фастфуд жеуіне тура келеді. Мұндай жағдайда ең жақсы нұсқа - жұмыртқа, ірімшік және бірнеше тілім ет қосылған кішкентай бургер.

Маманның айтуынша, жұмыртқа мен ет құрамында ақуыз жеткілікті, ал нан көмірсулар көзі. Бұл қоректік заттар ұзақ уақыт тоқ жүруге көмектеседі. Сондай-ақ, негізі тауық етінен дайындалған сэндвич жеуге де болады. Тауық еті қосылған сэндвич те ақуызға бай, оған қоса майлы емес.

Диетолог десертке қуырылған тәтті бәліштен бас тартып, орнына ванильді балмұздақты ұсынды.

Айта кетейік, бұған дейін фастфуд жүрекке қалай әсер етеді? Қазақстандық маман жауап бергені хабарланған болатын. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Наурыз туралы шығарма

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә