Холестерин деңгейін түсіретін қарапайым әдіс аталды

Холестерин деңгейін түсіретін қарапайым әдіс аталды
Фото: pixabay.com

Терапевт Оксана Пивоварова "NEWS.ru"-ге холестерин деңгейін түсірудің қарапайым әдісін ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маманның айтуынша, қызыл ет пен майлы сүтті азайту арқылы холестерин деңгейін қалыпқа келтіруге болады. Оксана Пивоварова сондай-ақ рационнан трансмайлар - чипстер, попкорн, кілегей және кондитерлік өнімдерді алып тастауға кеңес берді.

"Артериялық қысымды түсіру үшін және холестерин сіңуін төмендету үшін омега-3 майлы қышқылдарына бай және ерігіш жасұныққа бай өнімдерді көбірек жеңіз. Жасұнық жемістер, бидай, көкөністер, бұршақтылар, пияз және цикорийда болады. Тәтті газдалған сусындардың орнына таза су ішіңіз", - деп кеңес берді дәрігер.

Дәрігер холестерин деңгейін түсіру үшін алкогольді сусындарды барынша азайту керегін айтты, себебі олар артериялық қысымды арттырады, жүрек жеткіліксіздігі мен инсульттің дамуын ынталандырады.

"Артық салмақтан арылуға тырысыңыз, темекіден бас тартыңыз және аптасына бес күн ең болмағанда 30 минут спортпен айналысыңыз. Күнделікті өмірде көбірек қозғалуға тырысыңыз: баспалдақпен жүріңіз, көлікті кеңседен алыс жерге қойыңыз, түскі ас кезінде далада серуендеңіз", - дейді Оксана Пивоварова.

Оқи отырыңыз: Сүйектер мен буындарға зиян келтіретін әдеттер

А. Жапатова