Сүйектер мен буындарға зиян келтіретін әдеттер

Сүйектер мен буындарға зиян келтіретін әдеттер
Фото: ru.freepik.com

Ғалым Ирина Лялина сүйектер мен буындарға зиян келтіретін әдеттерді атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Известие" порталына сілтеме жасап.

Маманның айтуынша, сүйектер мен буындар саулығына алкоголь ішу мен темекі тарту жағымсыз әсер етеді. Никотин сүйектердегі кальцийді шайып жібереді, байламдардың иілгіштігін бұзады. Ал алкоголь әсерінен шеміршек әлсіреп, сүйектердің жалаңашталған бөліктері бір-біріне үйкеліп, буындар зақымдалады.

"Сүйектер мен буындар проблемасы жылдан жылға жасарып келеді. Оның себебі – балалар гиподинамиясы (қозғалыстың аздығы). Көпшілік белсенді ойындар мен серуендеудің орнына баланы үш жастан бастап гаджет алдына отырғызады немесе оны ағылшын, математика оқуға жібереді. Бұлардың барлығы – аз қозғалысты өмір салты. Оған қоса, көп балада буындардың физиологиялық дисплозиясы (шамадан тыс иілгіштік) бар, ал ата-аналар болса, оларды кәсіби спортқа береді, нәтижесінде 25 жаста буындарсыз қалу қаупі бар. Мұндай жағдай болмас үшін бұлшықет қаңқасын, бірінші кезекте омыртқаны қатайту керек. Себебі ағзаның барлық буындары бір-бірімен байланысты және оған тәуелді", - деп түсіндірді маман.

Сондай-ақ шамадан тыс физикалық жүктеме де қауіпті болуы мүмкін. Маманның айтуынша, спортпен айналысу немесе ауыр физикалық жұмыс кезіндегі артық жүктеме зақым алуға және буындар мен сүйектердің тозуына әкелуі мүмкін.

"Сақтық шараларын сқтаңыз. Жүйелі түрде бұлшықеттерді қатайтуға және созылуға арналған жаттығулар жасаңыз. Егер бұлшықеттер әлсіз болса, шеміршектер желініп қалады, ал сүйектер мен бұлшықеттерде дегенерациялық өзгерістер болады. Оған қоса, дұрыс жаттықтырылмаған немесе мүлдем жаттықтырылмаған бұлшықеттер сіңірлерге және байламдарға күш түсіреді, сондықтан олардың элементтерінің тозуын жылдамдатады", - дейді Ирина Лялина.

Кальцийдің және D дәруменінің жетіспеуі сүйектердің әлсіреуіне әкеледі және аурулардың даму қаупін арттырады.

Дұрыс тамақтанбау да сүйектер мен буындар саулығымен байланысты проблемаларды туыдыруы мүмкін. Буындар уақытынан ерте қартаймас үшін фастфуд көп демеңіз. Мұндай тамақта кальций, дәрумендер мен минералдар мүлдем жоқ. Рационыңызға көбірек балық, күнжіт, сүт-қышқылды өнімдер қосыңыз: олар кальцийге бай.

Маман сондай-ақ артық салмақ буындар ауруларының даму қаупін арттыратынын айтты.

Оқи отырыңыз: Кальций жайлы не білу керек?

А. Жапатова