Дәрігер шашты кептірмей ұйықтау несімен қауіпті екенін айтты

Дәрігер шашты кептірмей ұйықтау несімен қауіпті екенін айтты
Фото: ru.freepik.com

Шашты кептірмей ұйықтау оны сынғыш етіп, бас терісінің қышып, қабыну мен іріңді бөртпенің пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкін. Бұл туралы дерматолог Ноэль Шербер және Синди Вассеф айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Daily Mail" сілтеме жасап.

Ноэль Шербердің айтуынша, шашты кептірмей ұйықтаған кезде олар жастықпен байланысқа түсіп, патогендік бактерия мен ашытқыш саңырауқұлақтардың көбеюі үшін тамаша ортаға айналады. Олардың кейбіреуі - Malassezia бактериясы - бас терісін қышытып, қабыршақтандырады. Сондай-ақ, Malassezia саңырауқұлақтары терінің түкті бөлігінде ауыр қабынуды тудыруы мүмкін. Мұндай инфекция бактериялық немесе саңырауқұлақ фолликулиті деп аталады.

Сонымен қатар, үнемі су шашпен ұйықтағаннан жастық матасы көгеруі ықтимал. Сондықтан жастық қабын үнемі ауыстырып, тазалап тұру керек. 

Ал Синди Вассеф кептірілмеген шашпен ұйықтаған кезде түнде олар жастықпен үйкеліп, шаш сынғыш болып, шатасатынын жеткізді. Өйткені шаш су кезінде біліктері серпімді болады, оларға қысым түскеннен қыртыс қалады. 

Мамандар егер шаш кептіргішті пайдалануға мүмкіндік болмаса немесе оның өзі кебуі үшін белгілі бір уақыт күте алмасаңыз, ең болмаса шашты өріп немесе қатты қыспай байлап жатуға кеңес берді. Бұл шашты зақымданудан сақтауға көмектеседі.

Айта кетейік, бұған дейін зақымдалған шашты қалай емдеуге болатыны хабарланған болатын. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Ораза – 2024. Жолға шыққанда оразаны бұзуға бола ма?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә