Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Сымбат / Зақымдалған шашты қалай емдеуге болады?

Зақымдалған шашты қалай емдеуге болады?

Зақымдалған шашты қалай емдеуге болады?

Алдында ғана зақымдану деңгейі төмен және орташа шаштарға арналған кеңестерімізбен бөліскен едік. Бүгін шашының зақымдануы асқынып кеткен аруларға көмекке келеміз.

Көптен бері шаштың саулығын қадағалау үшін қажетті уақытыңыз болмады ма? Немесе шашты бояп, химиялық түзулету дауаларына бардыңыз ба? Қатты зақымданған шаштарға ерекше күтім көрсету арқылы оларды әлі де құтқара аласыз.

Зақымдану деңгейі: жоғары

Сусабыннан кейін шашқа арналған арнайы бальзам қолданбайсыз ба? Әйелдердің 40 пайызы сіз сияқты ұмытшақ болып, шашқа арналған бальзамды еш елемейді екен. Сусабын шашты жуып, шаң-тозаңнан тазартып қана қоймай, сонымен қатар шаштың табиғи қорғанысын кетіреді, ал кондиционер соны қалпына келтіретінін білгеніңіз жөн.

Шешім: Шашқа арналған бальзамға ақша аямай алыңыз. Арнайы бальзамды шаштың ортасынан соңына дейін жағып, бірнеше минутқа қалдырып қойыңыз. Өзіңіздің шаш түріне сай келетін сусабыныңыздың топтамасындағы түрін алыңыз.

Шашты жуғаннан кейін бірден тарайсыз не «начес» жасауға құмарсыз ба? Шашты жуғаннан кейін ол зақымдануға өте сезімтал болады, сол себепті шашты бірден тарамай, оның кебуін күтіңіз. Ал «начес» жасау шаштың табиғи қоғанысын кетіреді (себебі шашты өсуі бағытына қарсы тарайсыз). Нәтижесінде шаш кез келген сыртқы әсерден зардап шеге алады.

Шешім: Шашты жуғаннан кейін тарағыңыз келіп тұрса, арнайы тістері аз және бір-бірінен алшақ орналасқан немесе жұмсақ түкті тарақ алып қойыңыз. Шашты соңынан бастап тараған дұрыс.

Шаштаразға жиі бармайсыз ба? Шаштаразға жиі бармай, шаштың өсуін күтетін қыздар қаншама. Бұлайша шашыңыз одан көп зақым алатындығын білесіз бе? Шашты уақытында алдырсаңыз, шаш ұшталмай, ұзаққа сау болып сақталады. Ал сау шаш зақымданғанға қарағанда тезірек өседі.

Шешім: Шаштаразға 3 айда бір рет болса да барып, ұштанған шашты алдырып жүріңіз. Ал өзіңіз ұштануға қарсы сарсу, маска мен майларды жиі қолданғаныңыз жөн.

Шашты фенмен жиі кептіресіз бе? Мамандардың айтуынша, фенмен шашты кептіріп, шаш сәнін жасау шаш үшін қауіпті емес. Ал қазіргі фендердің заманауи түрлері кептірудің шашқа жаман әсерін кемітеді. Бірақ оны күнделікті қолдану, өте ылғал шашты кептіру, ыстық ауамен кетіру, тарақты қолданып кептіру шаштың саулығына үлкен зиян әкеле алады.

Шешім: Шашты кептіріп отырып сәндеп үйреніп қалсаңыз, фен қолданғанның алдында шашқа термо қорғағыш зат жағу керек. Фенді орташа не төмен температураға ауыстырып, оны шаштан 20 сантиметр қашықтықта ұстаңыз. Осылайша шашты 80 пайызға кептіріп алып қана қолға тарақ алып, шашты қалауыңызша жатқызыңыз.

Зақымдану деңгейі: өте жоғары

Шашты түссіздендіріп, бояуға құмарсыз ба? Шашты бояу – шаш үшін үлкен стресс. Бояу шашты құрғатып, құрамын өзгертеді. Ал шашын түссіздендіріп барып, артынан бояйтын арулар тіпті шашын екі есе зақымдайды.

Шешім: Егер сіз үшін шашты бояу ай сайын қайталайтын үйреншікті дауаға айналып, одан бас тартпаймын десеңіз, шашыңызға барынша күтім көрсетуге тырысыңыз. Біріншіден арнайы боялған шашқа арналған майлы негізде жасалынған сусабын мен бальзам алып, соның көмегімен шаш жоғалтқан ылғал мен қоректендіргіш заттарды қалпына келтіре аласыз. Шашқа апта сайын маскалар жасап, түрлі майларды жағып жүріңіз. Әрине шаш тым құртылып кетсе, боялған шаштың өсуін күтіп, оларды қырқып тастаған жөн.

Шашты плойкамен бұйралатып, түзулетесіз бе?  Егер феннің ыстық ауасы шаштың өңін бұза алса, шашпен жанасатын 200 градус ыстық плойка оған қандай зақым тигізе алатының  ойлап көріңізші. Жоғары температура шашты толықтай ылғалдан арылтып, ондағы ақуыздық құрылым бұзыла бастайды. Шаш екіге бөлініп, ұштанады, сынғыш болып, жұқалай түседі.

Шешім: Шашты бүгінгі күннен бастап түзулетпе, бұйралама деген кеңесті тыңдайсыз ба? Жоқ болса, ескі плойка мен түзулеткішті лақтырып, дүкеннен жаңа керамикалық қабаты бар арнайы плойка не түзулеткіш сатып алыңыз. Керамика металлға қарағанда жылуды біркелкі береді. Шашты су, тіпті кішкене дымқыл кезінде бұйраламаңыз. Барынша төмен градусты таңдап, әр шаш бұрымын 10 секундтан артық қыздырмаңыз. Егер шашыңыз бұндай температуда бұйраланып не түзуленіп үлгермесе, температураны арттыруға болады. Алайда плойканы шашта ұзағырақ ұстамаған жөн.

Шашты химиялық жолмен түзулетесіз бе? Табиғатынан бұйра шаштарды түзулететін сілтілі химиялық қосылыстар шаштың құрамындағы дисульфидты байланыстарын ажыратады. Нәтижесінде шаш құрамында «тесіктер» пайда болып, шаш сырттан әсерге сезгіш болады. Бұл шаш саулығына үлкен зақым тигізеді.

Шешім:  Басқа шешім жоқ, шаштың саулығын мақсат қылсаңыз, бұл дауадан бас тарту керек. Шаш өскен сайын оның табиғи қорғаныс қабаты қалпына келіп, шаш жағдайы дұрысталады. Осы кезде шашқа өте мұқият күтім көрсетіп, түрлі маска мен майлар жағып тұруыңыз керек.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: sehatnews.com

31509 10
Рейтинг: +1

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 21 қыркүйек 2013, 13:14
Пікірлер
+0
21 қыркүйек 2013, 13:30

Зақымданып бітті ғой біздің шаш :?

+0
21 қыркүйек 2013, 13:56

Ештеме көмек етпей жатыр

+0
21 қыркүйек 2013, 15:02

Дұрысы зақымдану туралы мүлдем ойламай, шашқа мүлде тиіспеу...

+0
21 қыркүйек 2013, 20:43

шашымызды сактаудын бірден бір колайлы жолы карапайым айран!) маган керемет комегі болды, колдан уйытылганы оте пайдалы..

+0
23 қыркүйек 2013, 09:27

қолдан ұйытылған табылса жақсы ғой) қалай қолданасыз? шашқа жағасыз ба? бізбен де бөлісіңізші сырыңызбен?

+0
23 қыркүйек 2013, 23:37

қарапайым ғана айранды шашыныздың түбіне, тіпті жылтырап, жұмсақ болғанын қаласаңыз ұшына дейін жақсылап жағып шығасыз. сонан соң 20 минутқа орап қою қажет. уақыт өткеннен соң жуып тастайсыз. Аптада бір рет, екі ай бойына үзбей жасасаңыз шашыңыздың түскені тыйылып, жылтырап, жұмсарады. Табиғи қалпына түседі, қолданып көріңіз..

+0
22 қыркүйек 2013, 00:38

менин шашымды кынага коп боягасин уйсип кииз бен койдин жуни сиакты болып мулем олип калган :( оны калай калпына келтиреди екен :(

+0
23 қыркүйек 2013, 09:26

бояуды қойып, шашты емдеп, қажет күтім көрсетіңіз

+0
27 қыркүйек 2013, 21:49

жауабына рахмет

+0
21 ақпан 2016, 17:31

Сарыға күйдірген шашты бұрынғы күйдірілмеген кездегі қалпына келтіруге болады ма? Және күйдірілген шаш өседіма?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев