Дәрігер тырнаққа қарап білуге болатын ауруларды атады

Дәрігер тырнаққа қарап білуге болатын ауруларды атады
Фото: elements.envato.com

Тырнақ күйіне қарап, бірқатар диагноз қоюға болады. Ең бастысы - дұрыс бағалап, қосымша талдау тапсыру керек. Александр Мясников және дерматолог Ирина Гостева тырнақтан білуге болатын ауруларды атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "О самом главном" бағдарламасына сілтеме жасап.

"Темір тапшылығы анемиясында тырнақ ойыс пішінді, бойлық сызықтар пайда болады. Олар әдетте анемияның белгісі болуы мүмкін. Қалқанша безіне келетін болсақ, әрбір 4-ші әйелде аутоиммунды тиреоидит бар, алайда ол әркімге әртүрлі әсер етеді. Бірінде тырнақ күйі өзгеретін болса, енді бірінде еш өзгеріссіз қалады", - деп түсіндірді Александр Мясников.

Сонымен қатар, дәрігер саусақтар мен тырнақ барабан соғатын таяқшаларға ұқсас болса, бұл өкпе жұмысының бұзылғанын көрсетеді.

"Тырнақтың пішіні мен күйінің кез келген өзгеруі белгілі бір аурудың көрінісі болуы мүмкін. Білікті кардиолог тырнақтың өспей тұрғаны пен көлденең жолаққа қарағаннан науқастың бұған дейін инфаркт немесе инсульт алып-алмағанын бірден түсінеді. Ал егер тырнақ ине тәрізді тым жұқа болса, бұл артриттің белгісі", - деп түсіндірді Ирина Гостева.

Әрине, медицинадан хабары жоқ адам өзі диагноз қоя алмайды, бірақ ыңғайсыздық тудыратын белгі байқайтын болсаңыз, міндетті түрде дәрігер кеңесін алған жөн. 

Оған қоса, дәрігерлер маникюрді жиі жасаудың қаупі туралы да ескертті. 

"Тырнаққа арналған лакты қалың қылып жаққан кезде оған ауырлық түседі, ал тырнақтың өскен бөлігі мұндай салмақты көтеруге қауқарсыз. Ал бір ай бойы сақталатын гельді жағып, оны арнайы шамда кептірген кезде тырнағыңыздың асты ашыса, маникюр жасауды тоқтатып, тырнаққа демалыс беру керегінің белгісі. Әйтпесе, тырнақ асты еті күйіп, зақымдалады. Сондай-ақ, Pseudomonas aeruginosa инфекциясы да таралуы ықтимал", - деді Ирина Гостева. 

Дәрігерлердің айтуынша, тырнақтағы гель-лакты кептіруге арналған шамды жиі қолданудың салдарынан онкологиялық аурулардың бір түрі - субунгальды меланоманың даму қаупі артып келеді. Мұның алдын алу үшін жарты жылда бір рет маникюрден демалып тұру қажет. 

Айта кетейік, бұған дейін тырнақтағы мына белгі бауырыңыз ауыратынын білдіруі мүмкін екені хабарланған болатын. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Ораза - 2024. Ауыз бекіткенде айтылатын дұға

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә