Тырнақтағы мына белгі бауырыңыз ауыратынын білдіруі мүмкін

Тырнақтағы мына белгі бауырыңыз ауыратынын білдіруі мүмкін
Фото: Freepik.com

Кейде ішкі ағзаңыздың ауыратынын сыртқы келбетіңізден-ақ, яғни бет, тырнақ не теріңізден байқауға болады. Мысалы, бауыр аурулары ұзақ уақыт бойы белгі көрсетпейді. Дәрігерлер сөзінше, бауыр ауруы асқынғынға дейін өзін мүлде байқалтпайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter-ге сілтеме жасап.

Бауыр мәселесін көрсететін, бірақ назарсыз қалатын белгі бар. Ол ағза жұмысының дұрыстығына күдіктеніп, тексеретін уақыты келгенін баяндайтын дабыл қоңырауы. Профессор, терапевт Оксана Драпкинаның айтуынша, осындай белгінің бірі - Терри тырнақтары.

"Тырнақтар қарқынды ақ түсті, көбінесе сыртқы жиегінде қоңырдан қызғылт түсі бар жұқа аймақ болса, бұл бауыр ауруларының белгісі", - деп ескертті Оксана Драпкина.

Әрине, бұл белгі ағзаның ауруға шалдыққанына 100 пайыз кепілдік бере алмайды, бірақ бауырдың жұмысын тексеру керек екені анық. Сонымен қатар, Терридің тырнақтарының басқа ауыр себебі болуы мүмкін.

Сонымен қатар, маман бауыр мәселесінің алақаннан байқауға болатын тағы бір белгісін атады. Бұл алақанның төменгі бөлігінің қызаруы, қызарған аймаққа салмақ түсірсе, жоғалады, бірақ кейін қайтадан пайда болады.

Тағы қандай белгілерге назар аудару керек?

Бетте немесе денеде келесі өзгерістердің пайда болуы бауырда жұмысының нашарлағаны туралы айта алады:

  • қызыл жіңішке сызықтар. "Капиллярлық тор" көбінесе мұрында немесе теріде, әсіресе нәзік жерлерде, мысалы, қолда, іште немесе мойында пайда болады;
  • денедегі кішкентай қызыл бөртпе. Ол қышымайды және мүлдем ыңғайсыздық тудырмайды.
  • қолдағы, көздің бұрышындағы сары өсінділер. Бұл ксантомалар, олар 1-ден 5 мм-ге дейін дөңгелек пішінді сарғыш-ақшыл түсті түйіндер түріндегі липидтердің (майлардың) шөгінділері;
  • сары бет терісі;
  • көз ағының сарғаюы.

Айта кетейік, бұған дейін бауыр қызметінің бұзылғанын қайдан білуге болатыны хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Күйеу балаға неге төс тартады?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә