Алматыда екі автобус соқтығысты: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Алматы денсаулық сақтау басқармасы екі автобустың соқтығысуы салдарынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

10 наурызда Алатау ауданында екі автобустың жол апаты салдарынан алты адам зардап шекті.

"Алматы қалалық N7 клиникалық ауруханасының жедел жәрдем бөліміне бес адам жеткізілді. Зардап шеккендердің барлығы жан-жақты тексерілді. Төртеуі амбулаторлық емдеуге жіберілді, бір науқас ауруханаға жатқызылды. Науқастың жағдайы ауыр және тұрақты. Алтыншы науқас Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына жеткізілді", - делінген денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда екі автобус соқтығысып, алты адам зардап шеккені туралы жазған едік.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!