Алматыда екі автобус соқтығысып, алты адам зардап шекті

Алматыда екі автобус соқтығысып, алты адам зардап шекті
Фото: Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Алматыда бүгін таңғы сағат 09:00-де екі автобус соқтығысып, алты адам зардап шект, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Алатау ауданында болған.

"Жол-көлік оқиғасы таңғы сағат 09:00-де Алатау ауданында болды. Бекболата мен Жаңа құрылыс көшелерінің қиылысында 75 және 102 бағыттағы екі автобус соқтығысқан. Алдын ала мәлімет бойынша, 75-маршруттың жүргізушісі апатқа ұшыраған. Қашықтықты сақтау үшін аялдамада тұрған жолаушыларды отырғызып, түсіріп жатқан 102-бағыттағы автобуспен соқтығысқан", - деді полиция департаменті.

Оқиға салдарынан алты адам зардап шекті. Оқиға фактісін Алатау аудандық әкімшілігінің қызметкерлері анықтап жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы