Дәрігер тез дайындалатын тағамды айына бір реттен артық жемеуге кеңес берді

Дәрігер тез дайындалатын тағамды айына бір реттен артық жемеуге кеңес берді
Фото: Freepik.com

Тез дайындалатын тағамды айына бір реттен артық жемеген дұрыс. Бұл туралы дәрігер, гастроэнтеролог Дария Утюмова айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Исвестияға" сілтеме жасап.

Мұндай тағамның құрамында кептірілген көкөністер, кесте немесе картоп, сондай-ақ дәмдеуіш болады. Дәрігердің сөзінше, дәудеуіштің құрамында тұрақтандырғыш бар, олар адамның ісінуіне әкеп соқтыруы мүмкін. 

Дәмдеуіш пен құрғақ негізде әдетте хош иісті күшейткіш натрий глутаматы бар, оны жиі тұтыну құсу немесе жүрек айнуын тудырады.

"Дәмдеуіштерге көбінесе меласса кіреді - бұл қант өндірісінің өнімі болып саналатын консервант. Мелассаны жиі тұтыну көмірсу алмасуын бұзып, салдарынан семіздік немесе қант диабеті дамиды", - деп ескертті ол.

Сонымен қатар, Дария Утюмова мұндай тағамдардың көбінесе калориясы көп болатынын еске салды. Бір сыбағада 400 килокалория бар, бұл күнделікті тұтынудың бестен бір бөлігі. 

Тағы бір қауіп, дейді Утюмова, калорияда жасырынып жатыр-мұндай тағамдарда әдетте бір порцияға 400 килокалория бар, бұл күнделікті тұтынылуы керек мөлшердің бестен бір бөлігі. Егер сіз тез дайындалатын тағамды үнемі жейтін болсаңыз, артық салмақ қосуыңыз мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін бала жиі фастфуд жесе не болады? Дәрігер оның 10 салдарын айтқаны хабарланған болатын. 

Нутрициолог Лаура Сейітбектің айтуынша, күнде фастфуд жеу мынадай салдарларға әкеледі:

  • Семiздiкке әкеледі. Құрамындағы ең зиянды майлар өте көп;
  • Қант диабетінің даму қаупі артады. Себебі мұндай тағамдардың дәмiн үстемелеу үшін қант көп қосылады;
  • Тез дайындалатын тағам сәйкесiнше шикi болады. Мәселен, ет кемi 2-3 сағат пiсуi тиiс, ал сiз 2 минутта қуырылған котлет жейсіз;
  • Тұз бен түсінiксiз дәмдеуіштiң көптiгi. Ал көп мөлшердегi тұз — қан қысымының көтерiлуiне бiрден бiр себеп;
  • Жоғары калория. Фастфудтың әр порциясында нормадан артық және өте көп калория бар;
  • Өте төмен сапа. Шiрiген картоптан жасалған фридi талай көрген шығарсыз. Себебі өндірушілер сападан гөрі санға мән беріп, ең арзан өнiмдердi сатып алады;
  • Тағам қауіпсіздігi қорғалмаған. Көбіне "көше тағамы" саналатындықтан, санитарлық норма сақтала бермейдi;
  • Тағамның дәмi тiл үйiргенімен, бiрнеше рет сапасыз майда ұзақ қуырылғандықтан, оның тағамдық құндылығы қалмайды;
  • Қорқынышты консервантар жиынтығы;
  • Адал асқа жатпайды. Қолданылатын ет өнімдері халал болмауы мүмкін.

Тағы да оқи отырыңыздар: Параллель түзулердің қиюшымен жасайтын екі ішкі айқыш бұрыштардың қосындысы 150°-қа тең. Осы бұрыштарды табыңдар.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә