Балаңыз жиі фастфуд жесе не болады? Дәрігер оның 10 салдарын айтты

Балаңыз жиі фастфуд жесе не болады? Дәрігер оның 10 салдарын айтты
Фото: pixabay.com

Нутрициолог Лаура Сейітбек өзінің инстаграм парақшасында баланың күнде фастфуд жеуі қандай салдарларға әкелуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бүгін тамақ жасамай-ақ қояйын, тапсырыс беріп жей салайық", "тамақ жасауға ерініп тұрмын, бір жерден тамақтанайықшы" деген секілді сөздер сізге де таныс па?

Қазіргі таңда тез дайындалатын әрі дәмді көше тағамдары өте көп. Дәрігердің айтуынша, мұндай тағамдарды арасында жеп тұруға болады, бірақ оларды күнде немесе жиі жеу бала ағзасына және жалпы адам баласына зиян. 

Нутрициолог Лаура Сейітбектің айтуынша, күнде фастфуд жеу мынадай салдарларға әкеледі:

  1. Семiздiкке әкеледі. Құрамындағы ең зиянды майлар өте көп;
  2. Қант диабетінің даму қаупі артады. Себебі мұндай тағамдардың дәмiн үстемелеу үшін қант көп қосылады;
  3. Тез дайындалатын тағам сәйкесiнше шикi болады. Мәселен, ет кемi 2-3 сағат пiсуi тиiс, ал сiз 2 минутта қуырылған котлет жейсіз;
  4. Тұз бен түсінiксiз дәмдеуіштiң көптiгi. Ал көп мөлшердегi тұз — қан қысымының көтерiлуiне бiрден бiр себеп;
  5. Жоғары калория. Фастфудтың әр порциясында нормадан артық және өте көп калория бар;
  6. Өте төмен сапа. Шiрiген картоптан жасалған фридi талай көрген шығарсыз. Себебі өндірушілер сападан гөрі санға мән беріп, ең арзан өнiмдердi сатып алады;
  7. Тағам қауіпсіздігi қорғалмаған. Көбіне "көше тағамы" саналатындықтан, санитарлық норма сақтала бермейдi;
  8. Тағамның дәмi тiл үйiргенімен, бiрнеше рет сапасыз майда ұзақ қуырылғандықтан, оның тағамдық құндылығы қалмайды;
  9. Қорқынышты консервантар жиынтығы;
  10. Адал асқа жатпайды. Қолданылатын ет өнімдері халал болмауы мүмкін.

Ата-ана баласының тамаққа тәбеті болмаса, уайымдайды. Тамақ жемегені үшін кейде ұрсады немесе қорқытады. Бұл әрекетімен баланың тамақтануға деген қалауын тіптен жоғалтып жібереді. Балаңыздың тәбеті нашар болса, мына кеңестерге көз жүгіртіңіз.

А. Жапатова