Facebook пен Instagram қайта істей бастады

Facebook пен Instagram қайта істей бастады
Фото: depositphotos.com/diy13@ya.ru

Facebook пен Instagram жұмысындағы ақаудан кейін қайта істеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандық Желі қолданушылары Facebook пен Instagram жұмысы қайта қалпына келе бастағанын жазып жатыр. 

Бүгін, 5 наурызда кешке қарай Facebook пен Instagram жұмысы бүкіл әлем бойынша шектелгенін хабарлаған едік.

Дүние жүзіндегі әлеуметтік желілердің жұмысын бақылайтын Downdetector сайтында Facebook жұмысындағы ақау туралы 90 мыңнан астам қолданушы хабарлады. Instagram-дағы ақау туралы 50 мыңнан астам қолданушы шағымданған.

Meta өкілі Энди Стоун шектеуге қатысты пікір білдірді.

"Біз адамдардың біздің әлеуметтік желілерге кірер кезде қиындықтарға тап болып жатқанын білеміз. Проблемаларды шешуге тырысамыз", - деді ол X әлеуметтік желісінде.

Қазақстанның цифрлық даму министрлігі де бұған қатысты түсінік берді.

"Мәселе интернетте емес, бәрін тексердік, жұмыс істеп тұр. Операторлар да жұмысында ақау жоқ екенін хабарлады, - делінген хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан