Facebook пен Instagram жұмысы бүкіл әлем бойынша істен шықты

Facebook пен Instagram жұмысы бүкіл әлем бойынша істен шықты
Фото: pixabay.com

Бүгін, 5 наурызда Facebook пен Instagram істен шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Facebook-те қолданушылар өз аккаунтына кіре алмай жатыр, ал Instagram-да лента жаңармай тұр.

Мұндай ақау дүниежүзі бойынша байқалып отыр. Мұны қазақстандық БАҚ қана емес, шетелдік  медиалар да хабарлап жатыр.

Әлеуметтік желі басшылығы бұған қатысты әзірше түсінік берген жоқ.

Дүниежүзі бойынша желідегі ақауды бақылайтын Downdetector Facebook-тегі ақау туралы 90 мыңнан астам, ал Instagram бойынша 16 000-нан астам хабарламаны анықтаған. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан