Алматы тұрғыны жоқ пәтерлерді жалға берген

Алматы тұрғыны жоқ пәтерлерді жалға берген
Фото: ІІМ баспасөз қызметі

Алматыда 25 азаматқа жоқ пәтерлерді жалға берген күдікті құрықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол танымал сайтқа пәтерді жалға беру туралы хабарландырулар жариялаған.

"Қазіргі уақытта полицияға жәбірленушілерден 25 арыз түсті. Олар өздеріне ұнаған пәтерді алу үшін екінші деңгейлі банк карталары арқылы алдын ала ақша аударған. Ақшаны алғаннан кейін "кәсіпкер" байланысқа шығуын тоқтатты. Ол жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұсталып, қамауға алынды. Алаяқтық дерегі бойынша Әуезов аудандық ПБ-да қылмыстық іс тергеліп жатыр", - деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев.

Еске салайық, бұған дейін әнші Мақпал Жүнісова алаяқтарға тап болғаны хабарланды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова