"Басын жарамын!" Әнші Мақпал Жүнісова алаяқтарға тап болды

"Басын жарамын!" Әнші Мақпал Жүнісова алаяқтарға тап болды

Алаяқтар халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісованың WhatsApp-нөмірін бұзып, оның атынан жалған сілтеме тарата бастаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы әншінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.

"Құрметті, халайық! Менің оқырмандарым, ешкімге сенбеңіздер. Ешкімге дауыс бермеңіздер. Менің телефоным бұзылып, WhatsApp аккаунтым істемей қалды. Оның үстіне ақша шешіп алған. Ешкімге сенбеңіздер. Мен дауыс беруді сұрайтын конкурс"қа қатысып жатқан жас әнші емеспін. Осыдан алаяқтарды тапсам, аямаймын. Басын жарамын! Бассыздық қой. Жалған хабарлама келсе, ашып, оқымаңыздар!", – деп жазды халық әртісі. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина