"Камералар тіркейді". Полиция бағдаршамның сары түсіне қатысты ескерту жасады

"Камералар тіркейді". Полиция бағдаршамның сары түсіне қатысты ескерту жасады
Фото: polisia.kz

Елорда полициясы бағдаршамның сары сигналына өтуге тыйым салу туралы ескертеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Көбінесе жол-көлік оқиғалары бағдаршамның сары түсі жанып тұрған сәтте өту кезінде болады.

"Бұл ретте жүргізушілерге Қазақстан Республикасы Жол қозғалысы ережелерінің 5-тарауының 24-тармағының 3-тармақшасына сәйкес бағдаршамның сары сигналы қозғалысқа тыйым салатынын, ал жыпылықтаған жасыл шам жақын арада тыйым салу сигналының шығатынын ескертеді", - делінген хабарламада.

Мұндай заңбұзушылықтарды бейнебақылау камералары автоматты түрде тіркейтін болады.

"Осыған байланысты жүргізушілерді жолда сақ болып, жол ережесін сақтауға шақырамыз. Мәселен, соңғы бір жылда 3 мыңнан аса оқиға тіркелді. Жол-көлік оқиғалары бағдаршамның тыйым салынған сигналына (қызыл, сары) өтуі, оның ішінде сары сигналына өткені үшін болған. Соның салдарынан 6 адам қаза тауып, 246 адам жарақат алған. Жыл басынан бері 400-ге жуық жол апаты тіркелді", - делінген хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Д. Шәріпхан