Ораза-2024: Сапарда ораза ұстаған дұрыс па?

Ораза-2024: Сапарда ораза ұстаған дұрыс па?
Фото: Коллаж massaget.kz/ Болат Айтмолда

Рамазан айының келуіне екі апта уақыт қалды. Сапарда ораза ұстаған дұрыс па, әлде ауыз бекітпеген дұрыс па? Бұл сұраққа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы инстаграмдағы парақшасында жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ораза ұстау жолаушыға қиындық тудырмаса, ораза тұтқаны абзал. Алла Тағала былай дейді:

"Білсеңдер сендер ушін ораза ұстауларың абзал".

Сапарда рұқсатты пайдаланып аузын ашқаны ушін сауапқа ие болады. Ал оразаны ұстаса, одан көбірек сауапқа кенеледі. Егер ораза ұстауы езіне немесе жолсерігіне қиындық тудырса (яғни жолсеріктерінің ауыздары ашық болып, бірге ішіп-жесе) аузын ашуы абзал.

Айта кетейік, 2024 жылы Рамазан айы 11 наурызда басталатынын жазған болатынбыз. Ал Қадір түні 6 сәуірге қараған түнге сәйкес келсе, Ораза айт 10 сәуірде болады.

Оқи отырыңыз: Ораза ұстағанда ескеретін жайттар. Дәрігер кеңесі

А. Жапатова