Құтқарушылар Алматыда жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өтетінін ескертті

Құтқарушылар Алматыда жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өтетінін ескертті
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Алматыда жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өткізіледі. Бұл туралы қалалық ТЖД өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, бұл шара 23 ақпанда сағат 10:00-ге жоспарланған.

"Сейсмикалық жаттығуды бастамас бұрын дабыл чемоданын дайындап, қауіпсіз жерге эвакуациялау бағытын айқындаңыз. Ғимараттардан, электр желілер мен үлкен ағаштардан алшақ тұрған ашық алаң - қауіпсіз орын. Сейсмикалық жаттығу барысында "Назар аударыңыз!" сигналын естігенде сабыр сақтап, теледидарды, радионы қосыңыз және нұсқауларды орындаңыз", - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Департамент по ЧС г.Алматы (@almaty_tjd)

Еске салайық, бұған дейін Алматыда тұрғындар тағы "жер сілкінісі болады" деп шулағаны хабарланды, кейінірек бұл мәселеге сейсмология институты өкілі жауап берді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова