19 ақпанда ауа райына байланысты қай жолдар жабылып тұр?

19 ақпанда ауа райына байланысты қай жолдар жабылып тұр?
Фото: "ҚазАвтоЖол"

19 ақпан сағат 9.00-дегі жағдай бойынша ауа-райының қолайсыздығына байланысты 6 облыста республикалық маңызы бар 6 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазАвтоЖолдың" баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Абай облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 177 шақырым (қар, боран, жел, көрінуді шектеу)

  1. "Омбы-Майқапшағай" - Қалбатау а.-Бұғаз а. (барлық көлік үшін)

Жамбыл облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 79 шақырым (қар, боран, жел, көрінуді шектеу)

  1. "Алматы-Ташкент-Термез" - Кенен ауылы-Қайнар ауылы (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады) (барлық көлік үшін).

Жетісу облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 100 шақырым (қар, боран, жел, көрінуді шектеу)

  1. "Үшарал-Достық" - Көктұма ст.-Достық ст. (барлық көлік үшін);

Қостанай облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 83 шақырым (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты)

  1. "Жезқазған-Петропавл" -Ұлытау обл.шек-Арқалық қ. (барлық көлік үшін)

Түркістан облысында 1 усаске, жалпы ұзындығы 106 шақырым (бұрқасын, көктайғақ)
"Жизақ-Гагарин-Жетісай-Сарыағаш-Жібек жолы- Қызыләскер а.-Черняевка а." (жүк көліктері үшін)

 Ұлытау облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 115 шақырым (боран жел, көрінуді шектеу)

  1. "Жезқазған-Петропавл" - Ұлытау кенті-Қостанай обл.шек (барлық көлік үшін)

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина