Қалқанша безге пайдалы 8 өнім

Қалқанша без саулығын кез келген жаста сақтау керек. Бұл органның жақсы жұмыс істеуі хал-жағдайға, салмаққа, шаш пен тері жағдайына әсер етеді. Қалқанша без жұмысындағы кез келген бұзылыс бүкіл ағза жағдайына әсер береді. Ендеше, қалқанша безге пайдалы 8 өнімді ұсынамыз, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сүт

Сиыр сүті – йодтың көзі. Сүттің майсыздандырылған түрі де пайдалы. Оның бір стақанында йодтың тәуліктік нормасының үштен бір бөлігі бар. Оған қоса, сиыр сүті D дәруменіне бай. Қалқанша безі ауруларымен қиналатын адамдарда жиі осы дәруменнің жетіспеушілігі болады.

Йогурт

Йогуртта йод мөлшері көп. Алайда артық салмақ қосып алмас үшін оның майлылығы төмен түрін таңдаңыз. Шәрбаттар мен тосап қосылмаған табиғи йогурт таңдауға тырысыңыз. Күніңізді йогурт жеуден бастасаңыз, йодтың тәуліктік нормасының шамамен жартысын аласыз.

Тауық және сиыр еті

Қалқанша без саулығын сақтау үшін бізге мырыш керек. Ағзаға оның жетіспеушілігі гипотиреоздың дамуына әкелуі мүмкін. Нәтижесінде, әлсіздік, артық салмақ, құрғақ тері және баяу сөйлеу секілді проблемалар пайда болуы мүмкін. Сондықтан рационға құс және сиыр етін қосу керек. Бұл өнімдер мырышқа және В тобының дәрумендеріне бай.

Теңіз балығы

Бұл өнімде йод мөлшері көп. Ал йод - қалқанша без саулығын сақтауға қажет негізгі элемент. Мысалы, 100 г нәлімде йодтың күндізгі нормасы бар. Оған қоса, теңіз балықтары сұлулықты және денсаулықты сақтауға қажет ақуыз бен майлы қышқылдарға бай.

Жұмыртқа

Бұл да қалқанша без саулығын сақтауға көмектесетін өнімнің бірі. Жұмыртқаның құрамында йод пен селен бар.

Жидектер

Ағзадағы йод, селен және D дәрумені деңгейін қалыпқа келтіру үшін аптасына бірнеше рет жидектер жеу керек. Жидектер – табиғи антиоксиданттар. Олар қалқанша без және жалпы ағза жұмысын реттеуге көмектеседі.

Орамжапырақтың кез келген түрі

Брокколи, гүлді орамжапырақ және брюссель қырыққабаты қалқанша без қызметін жақсартады. Оларды рационға қоссаңыз, түрлі қабынулар мен созылмалы аурулардың пайда болу қаупін азайтуға болады. Бірақ оларды шамадан көп жеуге де болмайды. Егер ағзада йод көп болып кетсе, қалқанша без оны сіңіре алмай қалады.

Теңіз балдырлары

Теңіз балдырларының калориясы өте аз және ол ағзаға пайдалы. Теңіз балдырларында қалқанша без саулығын сақтауға көмектесетін аскорбин қышқылы, селен және басқа да бағалы нутриенттер бар.

Оқи отырыңыз: "Етеккір циклінің бұзылуы". Қалқанша безі ауруының белгілері қандай?