Тырнақ сау әрі әдемі болуы үшін не керек?

Тырнақ сау әрі әдемі болуы үшін не керек?
Фото: Tengrinews архиві

Қажет элементтердің жетіспеушілігіне байланысты тырнақта ақ нүктелер пайда болуы мүмкін. Осылайша тырнақтың шетіндегі еті қабынады. Бұл туралы нутрициолог Елена Быстрова ескертті. Ол тырнаққа пайдалы бірнеше өнімді де атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Доктор 24" басылымына сілтеме жасап.

Тырнақтың нашарлауы көбіне кальций жетіспеушілігіне байланысты болады. Кейін тырнақтың өсуі баяулайды және ол сынғыш болады. Кальций көп кездсетін тағам - ірімшіктің қатты сорты, оның 100 грамында осы элементтің күнделікті құнының 118 пайызы бар екен.

Нутрициологтың пікірінше, кальций ағзаға D дәруменімен бірге сіңеді, оны майлы балық сорттарынан алуға болад. Мысалы, лосось, сондай-ақ жаңғақтар.

"Д витаминін қосымша қабылдау керек. Біз күн аз түсетін жолақта өмір сүріп жатырмыз, ал элемент денеге күн сәулесімен бірге енеді", - деді Быстрова.

Тырнақ сау болуы үшін асқабақ тұқымдары да пайдалы болып шықты. Өнімнің 100 грамында сау тырнақ пластинасына маңызды мырыштың күнделікті құнының 70 пайызы бар. Маман оларды күніне бір жарым ас қасық жеу жеткілікті екенін айтты.

Айта кетейік, белгілі бір түстегі тырнақтағы сызықтар жүрек ауруын білдіруі мүмкін. Бұл туралы Джеймс О’Донован мәлімдеген еді. Маман тамырға ұқсас қара сызықтардан сақ болу керегін ескертті, одан қан кетуі де мүмкін. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова