Тырнақтағы сызықтар ауыр жүрек ауруының белгісі болуы мүмкін

Тырнақтағы сызықтар ауыр жүрек ауруының белгісі болуы мүмкін
Фото: elements.envato.com

Белгілі бір түстегі тырнақтағы сызықтар жүрек ауруын білдіруі мүмкін. Бұл туралы Джеймс О’Донован айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маман тамырға ұқсас қара сызықтардан сақ болу керегін ескертті, одан қан кетуі де мүмкін. 

"Тырнақ астындағы сызық секілді қан ұйығыштар көбінесе жоғарғы бөлікте орналасады. Олар тырнақ төсегіндегі ұсақ қан тамырлар немесе қылтамырдың зақымдануынан пайда болады", - дейді ол.

Тырнақтағы мұндай қара сызықтар тырнақ төсегінің жарақаттанғаны, Рейно секілді жүйелік аурудың, жүректің ішкі қабығының қабынуы, яғни эндокардиттің салдары болуы мүмкін.

"Эндокардит өте ұзақ уақыт бойы дамитындықтан, ол біразға дейін белгі бермейді және түсініксіз болады. Алайда, кейбір жағдайларда ол кенеттен дамиды", - деп түсіндірді Джеймс О’Донован.

Айта кетейік, бұған дейін адамның сырт келбетіндегі жүрек ауруын көрсететін 8 белгі хабарланған болатын.

Ішкі аурулардың сыртқы белгілерін зерттейтін семиотика деген ғылым бар. Мысалы, адамның сырт келбетіне қарап жүрек ауруын анықтауға болады.

  • Тері түсі. Кей жағдайда жүрек ауруын терінің сарғаюы көрсетеді;
  • Ісіну. Дәрігерлер жиі мән беретін келесі белгі – ісіну;
  • Жиі есінеу. Кейде есінеу пайдалы болады. Алайда есіней беру қауіпті белгі болуы мүмкін;
  • Ісінген көктамырлар;
  • Демікпе. Бұл жүрек ауруының тағы бір жиі кездесетін сыртқы белгісі;
  • Биік жастыққа жатқанды жақсы көру. Егер биік емес жастыққа ұйықтай алмайтын болсаңыз, оның себебі жүрек проблемаларында болуы мүмкін;
  • Жайбасарлық;
  • Жүрек бүкірі.

Тағы да оқи отырыңыздар: 1-ден 51-ге дейінгі барлық бүтін сандардың көбейтіндісі неше нөлмен аяқталады?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә