Тина Канделакидің өнімдері Қазақстанда сатылатыны рас па?

Ресейлік тележүргізуші Тина Канделакидің косметика желісінің өнімдері Қазақстандағы танымал сауда желісінен алып тасталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Косметика мен парфюмерия сатылатын танымал сауда желісінің Қазақстандағы онлайн-каталогынан Тина Канделакидің Ansaligy брендінің өнімдері жоғалып кеткен. 

Бұған дейін бұл дүкенде Тина Канделакидің брендінің  шаш пен бет күтіміне арналған өнімдері сатылымды болған еді. 

Еске салайық, бұған дейін ресейлік тележүргізуші Тина Канделаки өзінің Telegram-арнасында "Қазақстанда орыс тілі баяу түрде ығыстырылып жатқанын" айтып, жазба жариялады.

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің бірқатар станция атауын өзгерту туралы шешімін ресейлік тележүргізуші осылай қабылдаған.

"Өзіңіз мәңгүртсіз": Бекболат Тілеухан Тина Канделакиге жауап берді

Ол мысал ретінде "Уральск" бекетінің атауы "Орал", ал "Узень" бекетінің атауы "Жаңаөзен" болып өзгергенін келтіреді.

Кейін Желіде әзілкеш Нұрлан Сабуров пен журналист Тина Канделаки арасындағы телефон арқылы сөйлескен аудиожазба тарады. Онда журналист әзілкешке "өзін және Ресейді жақтайтын" пікір білдіруді талап етеді. Бұл аудиожазбаға сарапшы баға беріп, оның жалған екенін айтты. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!