Динара Сәтжан ресейлік тележүргізушінің "Қазақстанда орыс тілін біртіндеп ығыстырып жатыр" дейтін жазбасына жауап берді

Динара Сәтжан ресейлік тележүргізушінің "Қазақстанда орыс тілін біртіндеп ығыстырып жатыр" дейтін жазбасына жауап берді
Фото: instagram.com/dinarasatzhan

Динара Сәтжан ресейлік тележүргізуші Тина Канделакидің "Қазақстанда орыс тілін біртіндеп ығыстырып жатыр" деген жазбасына жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ресейлік тележүргізуші Тина Канделаки өзінің Telegram-каналында "Қазақстанда мемлекеттік деңгейде орыс тілін баяу, бірақ шын ығыстырып жатыр" дейтін жазба жариялады.

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің бірқатар станция атауын өзгерту туралы шешімін ресейлік тележүргізуші осылай қабылдаған.

Ол мысал ретінде "Уральск" станциясының атауы "Орал", ал "Узень" станциясының атауы "Жаңаөзен" болып өзгертілгенін келтіреді.

Қазақстандық журналист Динара Сәтжан ресейлік әріптесінің жазбасына жауап берді.

"Біріншіден, біз тәуелсіз егемен мемлекетпіз. Орыста "В чужой монастырь со своим уставом не лезут" дейтін жақсы мақал бар. Ал теміржол вокзалын қалай атайтынымызды өзіміз шешейік. Екіншіден, Қазақстан тәуелсіздік алған жылдар ішінде Кеңес өкіметі жылдарында жоғалған ана тілін біртіндеп қайтарып келеді. Үшіншіден, орыс тілі елімізде ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады, ал қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Ал бұл Конституциямыздың 7-бабында бекітілген.  Теміржол вокзалдары өзіңіз жазғандай өзгертілген жоқ, ал бұл олардың қазақ тіліндегі дұрыс аумақтық атаулары. Орыс тілінің ығысуының бұған қандай қатысы бар?  Ал бізде тек мемлекеттік тіл ғана емес, орыс, ағылшын тілдерінде де сөйлейміз", - деп жауап берді Динара Сәтжан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dinara Satzhan (@dinarasatzhan)

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан