Биыл темір жол билетінің бағасы өсе ме?

Биыл темір жол билетінің бағасы өсе ме?
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

"Қазақстан темір жолы" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев биыл темір жол билетінің қымбаттамайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Темір жол билеті қымбаттамайды. Бізде ондай жоспар жоқ", - деді басқарма төрағасы Сенат кулуарында.

Сондай-ақ Нұрлан Сауранбаев жолаушылар тасымалы мемлекет тарапынан субсидияланатынын атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін "Қазақстан темір жолы" АҚ басқарма төрағасы жалақысы қанша екенін айтқан еді.

Аяз Есен

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz