"ҚТЖ" төрағасының жалақысы қанша?

"ҚТЖ" төрағасының жалақысы қанша?
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

"Қазақстан темір жолы" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев қанша жалақы алатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Менің жалақым - 1 млн теңге. (Менеджерлердің) жалақысы коэффициентпен есептеледі. Оларда балдық жүйе бар. Сондықтан менеджерлердің жалақысы әртүрлі. (Нақты) соманы айта алмаймын. ("ҚТЖ" АҚ) басқарма мүшелеріне сыйақы төленбейді.

Алайда жылдың соңында оларға бонус төленеді. Қазір нақты санды айта алмаймын. Бірақ біз бұл деректі жариялаймыз", - деді Нұрлан Сауранбаев Сенаттың жалпы отырысынан соң журналистерге.

Аяз Есен

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz