"Атамның кеудесіне қолымды қойып, Фатиха сүресін оқыдым". Айжұлдыз Адайбекова басынан өткен оқиғасын бөлісті

Танымал өнер иесі Жанар Айжанованың қызы әрі блогер Айжұлдыз Адайбекова "Теңдессіз дұға" Youtube-арнасына берген сұхбатында басынан өткен оқиғасын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, ол атасының жаны шығар кезінде жанында отырып Фатиха сүресін оқыған.

"Менің атам күліп қайтыс болды. Марқұм атамның жаны шығар кезінде мен жанында тұрып Фатиха сүресін оқығаным есімде. Ол кезде біздің отбасы мүшелерінің бәрі дінге жақын болғандықтан, ешкім қорықпай, жағдайды тыныш қабылдады. Маған "қорықпа, ол кісінің жаны шығып жатыр" деді, менің жасым шамамен 5 болуы керек. Бірақ мен өлім дегеннің не екенін, одан қорқудың қажеті жоқ екенін білетін едім. Анам атамның жанында отырып, жағдайын сұрады, сонда атам "жалғастырыңдар, оқи беріңдер" деп айтты. Сөйтіп мен атамның кеудесіне қолымды қойып, Фатиха сүресін оқыдым. Бұл кісінің жанының қиналмауына кішкене болсын үлесімді қосайыншы деген ғана ойым болды. Сонда атам күлімсіреді, мұны көріп тоқтатпау керегін түсіндім. 5 жасармын сүрені оқуды жалғастыра бердім. Ойымда ешқандай қорқыныш болмады, ал анам маған қарап жылап отырды. Мен керісінше, атамның күлімсірегеніне мәз болып, сүрені оқуымды жалғастыра беріппін. Біз кезде атам о дүниелік болды, айналадағы адамдар үндемей тұра берді. Сол кездегі маған айтылған жалғыз нәрсе, атамның сақалына тиіспеу болды. Қолымды алып, өзімді тыныш сезініп отырдым", - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін "Жүрегім дүрсілдеп, қол-аяғым ұйып, терлеп тұрмын". Айжұлдыз Адайбекова қонақүйдегі сұмдық жайтты еске алғаны хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Ораза 2024. Оразаның басында, ортасында, аяғында 3 күннен ауыз бекітуге бола ма?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!