"Жүрегім дүрсілдеп, қол-аяғым ұйып, терлеп тұрмын". Айжұлдыз Адайбекова қонақүйдегі сұмдық жайтты еске алды

"Жүрегім дүрсілдеп, қол-аяғым ұйып, терлеп тұрмын". Айжұлдыз Адайбекова қонақүйдегі сұмдық жайтты еске алды
Фото: instagram.com/aizhuldyz_adaibekova

Айжұлдыз Адайбекова басынан өткен оқиғасын бөлісті. Бұл туралы ол Дәстүрлі подкаст бағдарламасына берген сұхбатта айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнші, актриса Айжұлдыз Адайбекова түсіріліммен Қапшағай қаласына барып, сол жердегі қонақүйлердің бірінде тұрақтағанын жеткізді.

"Біздің Қапшағайда кішкене таза емес энергетика бар. Мен Қапшағай жаққа түсірілімге баруым керек еді. Ол кезде жүріп жүрген жігітім менің апарып тастаймын, сен жалғыз бармайсың дегеннен кейін бірге бардық. Қателеспесем ол жақта бір қонақ үй бар. Ол өте арзан тұрады, Қытай стильінде жасалған секілді, нақты білмеймін. Қатты түн болғаннан кейін, ертең ерте тұрып, жол жүреміз деп шештік. Одан кейін бізге бір нөмер берді, соған кіргеннен кейін өзім біртүрлі болдым. Бірақ қасымдағы адамның көңіл-күйі жақсы болған соң қалдық. Кешке жақын, кешкі асымызды ішіп, отырып әңгімелесіп, одан кейін ұйқымыз келіп, ұйықтадық. Жарықты өшірдік. Сол кезде бір мысық жүгіріп өтеді ғой сол секілді жерден бірнәрсе жүгіріп өткендей болды. Перде кәдімгідей қозғалады. Мен қатты қорықтым", - дейді Айжұлдыз.

Сондай-ақ, Айжұлдыз Адайбекова қонақ үйде, елеспен бетпе-бет келгенін айтты.

"Маған тікелей көрініп жатыр. Шкафтың үстінде тұрған телефоным өзімен өзі алға жылжып кетті. Жүрегім дүрсілдеп, қол-аяғым ұйып, терлеп тұрмын.  Қорқып тұрмын, бірақ ештеңе істей алмаймын. Дұғамды оқыдым, бірақ ол көмектеспейтінін білдім. Бір кезде қасымдағы адам айқайлап орынан атып тұрады. Мен шошып кеттім. Бір кезде ол маған "киім жина шық, киім жина шық" дейді. Өйткені ол тұншығып барады. Мен бәрін жинап, тез-тез екеуміз шығып кеттік. Жол бойы мүлде маған ештеңе айтқан жоқ. Бірақ кейіннен не жағдай болғанын түсіндірді. Ол оянып кеткенде жуынатын бөлмеде аппақ киінген біреу, шашын жайып алған, басын қисайтып тұрған ғой. Шынымен таза емес жер екеніне көзіміз жетті", - дейді Айжұлдыз Адайбекова.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Е. Ерболұлы