Рейсті өткізіп алуыңыз мүмкін: жолаушылар әуежайда қандай қателік жібереді?

Рейсті өткізіп алуыңыз мүмкін: жолаушылар әуежайда қандай қателік жібереді?
Фото: pixabay.com

Ұшақпен бір жаққа бару жиі күйзеліспен қатар жүреді. Мысалы, кей адамдар ұшаққа отырудан қорқады. Үйден шығарда ештеңе ұмытып кетпедім ба деп уайымдап жүреді. Сондай-ақ рейске кешігуіңіз мүмкін екенін түсінген кезде мазасызданасыз. Адамдар әуежайда жиі қандай қателіктер жіберетінін ұсынамыз, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Металл заттарды шешпеу

Бақылау пунктіндегі сканерден еш кедергісіз өту үшін металл заттардан арылу керек. Жолаушылар жиі белбеу жайлы ұмытып кетеді. Сол үшін қауіпсіздік тексерісінен өту кезінде кідіріп қалады. Ал кешігіп келе жатқанда әр секунд маңызды.

Қолға телефон немесе кілт ұстау

Жолаушылардың көпшілігі сканерден металл әшекейлермен және қолына смартфон ұстап өтуге тырсады. Сондықтан оларды кейін қайтарып, заттарын кәрзеңкеге салу керегін айтады.

Қол жүгіне электроника салу

Тексерістен өтер кезде планшет, ноутбук немесе ұялы телефонды қол жүгінен шығарыңыз. Көпшілік ол жайлы ұмытады.

Қол жүгін орап тастау

Тексеріс қызметшілері қол жүгін ашуға және оның ішін тексеруге құқығы бар. Кей адамдар қол жүгін де қабат-қабат етіп орап тастайды. Оны ашып, тексертуге көбірек уақыт кетіп қалуы мүмкін.

Таблоға қарамау

Ұшаққа отырғызу уақыты мен шығу нөмірі ұшаққа отыру талонында жазылып тұрады. Бірақ кейде олар сол сәтте өзгеруі мүмкін. Ал бұл кезде әуежайға алдын ала келген жолаушы "Duty Free"-де жүреді, кафеде отырады және таблоға қарауды ұмытады.

Ұшақтың ұшу уақытына мән беру

Адамдар көбіне отырғызу талонындағы ұшақтың ұшу уақытына мән береді. Ал негізінде ұшаққа отырғызудың аяқталу уақытына қарау керек.

Оқи отырыңыз: Ұшақта өзіңмен бірге алуға болмайтын заттар тізімі

А. Жапатова