2020-2029 жылдар аралығында қазақстандықтарға өтемақы төленетіні рас па?

2020-2029 жылдар аралығында қазақстандықтарға өтемақы төленетіні рас па?
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Facebook-те ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің атынан төлем жасалатыны туралы ақпарат тарады. Онда өтемақы барлық қазақстандыққа төленетіні айтылған. Алайда бұл - жалған ақпарат, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап. 

Төлемді алу туралы ұсыныс ресми порталда емес, сайте kz-gosfin.top сайтында жарияланған. Ол жаңалық ретінде жазылған және NUR.KZ сайтының логотипі қолданылған. Ақпаратқа сәйкес, Еңбек министрлігі 2020-2029 жылдарға азаматтарға өтемақы төлеу жобасын әзірлеген. Бұл халықтың сатып алу және еңбек қабілетін ынталандыру үшін жасалған. Адамдар төлемді бірнеше критерий бойынша ала алады. Атап айтқанда, өндірістік жарақат алу, екі немесе одан да көп кәмелетке толмаған баланың болуы немесе зейнеткерлік жас.

Қолданушыны "Өтемақыны тексеру" батырмасын басуға итермелеу үшін алаяқтар төлем жасау мерзімі шектеулі екенін айтады.

Бұлай жазылған ақпаратты ресми деп айта алмаймыз.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында өтемақы туралы жаңалықтар жоқ.

Сондай-ақ, ведомствоның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында - Faceebok-те және Instagram-да мұндай ақпарат жоқ.

Бұл хабарлама - қазақстандықтардың жеке деректерін жинайтын киберқылмыскерлердің ісі. Олардың көмегімен алаяқтар банктік шоттардағы қаржыны иемденеді.

Бұған дейін біз Қаржы министрлігінің, ірі банктің, тіпті Қазақстан Республикасы Президентінің атынан адамдарды алдамақ болған алаяқтықтар туралы жазған болатынбыз.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек