"Қайын атам "күйеуіңе мотивация болады" деді". Танымал актриса мәһрге не сұрағанын айтты

Танымал актриса Мәдина Оспан мәһрге не сұрағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл видео әлеуметтік желіде пайда болды. Онда ол қымбат көлік сұрағанын айтқан. 

"Негізі мәһр не үшін сұралады?! Көбі сыйлық деп ойлады ғой, олай емес. Бұрын не үшін енгізген? Күйеу соғыстан оралмай қалса немесе ерлі-зайыпты екі жаққа ажырап кететін болса, әйел сол затты сатып, 1-2 ай бала-шағасымен күн көре алатындай болуы керек. Мен негізі жай нәрсе сұрай саламын деп ойлағанмын, бірақ сол жерде қайын атам "балам, бұл күйеуіңе де мотивация болады, сұра" деді". Сол үшін Гелендваген көлігін сұрадым", - деді ол.  

@adisson888

♬ оригинальный звук - ADISSON

Айта кетейік, мұндай көліктің бағасы нарықта 100 миллион теңгеден асады. 

Еске салайық, бұған дейін мәһрге 2 мың кітап сұраған актриса көпті таңғалдырған еді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!