Мәһрге 2 мың кітап сұраған актриса көпті таңғалдырды

Мәһрге 2 мың кітап сұраған актриса көпті таңғалдырды
Фото: instagram.com/kuralay_corich/

Танымал актриса әрі продюсер Құралай Анарбекова мәһрге не сұрағысы келетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесінің айтуынша, ол бұл кітаптарды ұрпақтарына қалдырғысы келеді. 

"Көбі көлік, үй сұрап жатады. Менің арманым - үлкен кітапхана жасау. Мен шамамен кітапхананың қандай болатынын білемін. Маған 2 мың кітап берсе екен деймін. Әшейін кітап емес, бір сирек кітаптар берсе. Басты мақсат - бір күнде беру емес, жылдар бойы бірге жинап, мәһрдегі 2 мың кітапты болашақта балаларымызға, немерелерімізге беру. Психология, тарихи, әлеуметтану бағыттары бойынша жақсы кітаптар сыйласа екен",  дейді актриса. 

@brat_ili_brak3 Келеси кмнен сураймыз? #братилибрак3 #corichgroup ♬ оригинальный звук - Brat_ili_brak3

Желі қолданушылары актрисаның бұл шешімін қолдап пікір жазған. 

"Міне, жақсы адам", "Ақылды қыз! Жарайсың, қызым", "Өте тамаша", - деп жазған олар. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек