"Бір жаман үрдіс пайда болды". Айтыскер Ринат Зайытов жас ақындарға ренішін білдірді

"Бір жаман үрдіс пайда болды". Айтыскер Ринат Зайытов жас ақындарға ренішін білдірді
Фото: instagram.com/rinat_zaitov_resmi

ҚР Мәжіліс депутаты, айтыскер, ақын Ринат Зайытов "ХабарLIKE" бағдарламасына берген сұхбатында қазіргі жас ақындарға ренішін білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, қоғамда бір жаман үрдіс пайда болған.

"Құрметті жас ақындар, сүйген қыздарың мен аналарыңды салыстырмаңдаршы, өтініш. Бізде осындай бір жаман үрдіс пайда болды. "Анамнан кейін өзің әдемі", "әлемдегі ең әдемі екінші қыз сенсің, біріншісін әкем алған" Жігіттер, ана мен әйел деген екеуі мүлде екі түрлі адам. Екеуін салыстыру адамшылыққа жатпайды", - дейді ол.

Айта кетейік, бұған дейін "Жүйкесі сыр бере бастады". Зайытов Тілеуханның оны сарышұнаққа теңеуіне жауап бергені хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Абысынға қандай тілек айтуға болады?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә