"Бұдан бас тарту – ақымақтық". Ресейлік беделді ғалым Қазақстан экономикасының негізгі басымдығын атады

"Бұдан бас тарту – ақымақтық". Ресейлік беделді ғалым Қазақстан экономикасының негізгі басымдығын атады
Фото: SöZ Astana Public Talk

Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры Наталья Зубаревич Қазақстан экономикасының негізгі басымдығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сарапшының пікірінше, еліміз бұл ресурстарды тиімді пайдалануға тиіс.

"Иә, Қазақстан – минералды-шикізат базасы. Алайда ресурстың артықшылығын пайдалану керек. Бұл – бәсекедегі артықшылық. Бұдан бас тару – ақымақтық. Мұндағы мәселе тек ресурстарға емес, мұнайдан жиналған рента экономикаға қайтадан қалай бөлінетініне де байланысты. Сондықтан мұнда институционалды сипаттағы өзекті сұрақтар туындайды", - деді Наталья Зубаревич SöZ Astana Public Talk пікірталас алаңында.

Ресейлік беделді ғалым Қазақстан өңдеу өнеркәсібін дамытқысы келсе, кейбір факторларды ескеруі керек деген ұстанымда.

"Өңдеу өнеркәсібіне қатысты екіұшты ойдамын. Себебі, сіздерде нарық кішкентай. Бұл өнім қымбат болады дегенді білдіреді. Бұл – экономиканың заңдылығы. (Өнімнің) сапасы да нашар болуы мүмкін. Сондықтан (өнімді) көп өңдеу керек пе? Маңызды салаларда қауіпсіздікті сақтау міндеті болса, сіз (саланы) субсидиялайсыз. Алайда көлік құрастырудан бастап өндіріске дейін бәрін дамыту. Мысалы, медициналық жабдықтарды (өндіру). Онда қалжырап қаласыздар. Мұндай жағдайда басымдықты табу өте қиын болады. Себебі, әр жүйеде өзінің лоббизмі бар", - деді сарапшы.

Айта кетейік, елордада SöZ Astana Public Talk пікірталас алаңының кезекті отырысы өтті. Онда ресейлік танымал профессор Наталья Зубаревич, DESHT талдау орталығының басшысы, экономист Қуаныш Жайықов "Қазақстан 2024: өсу нүктелері мен перспективалары" тақырыбында сөз сөйледі.

Наталья Зубаревич Сенат жанындағы Талдау мектебінің шақыртуымен Қазақстанға келді.

Еске салайық, бұған дейін Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев әлемде тоқпен жүретін көліктерге сұраныс артса, Қазақстанда мыс өндірісі дамитынын айтқан еді.

Аяз Есен

А. Жапатова