Алматыда басқарма басшысының орынбасары алаяқ деген күдікке ілінді

Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары алаяқтық бойынша күдікті болып отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы" КММ басшысының орынбасарына қатысты соталды тергеу жүргізіп жатыр.

"Шенеунік алаяқтық бойынша күдікке ілінді. Ол алдау арқылы аула аумақтарын күтіп ұстау, жинау және ҚТҚ шығару бойынша қызметтер көрсету шарттарын жасау сылтауымен 21 млн теңге көлемінде жергілікті кәсіпкердің ақшасын иемденген. Күдікті үй қамағына алынды", - деп жазылған хабарламада.

Тергеу жалғасып жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайтыны хабарланды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!