"Жағдай қиын болды". Танымал жүргізуші ұлдарына есім таңдау кезіндегі кызықтарын еске алды

"Жағдай қиын болды". Танымал жүргізуші ұлдарына есім таңдау кезіндегі кызықтарын еске алды
Фото: instagram.com/balukz

Танымал жүргізуші Тимур Балымбетов Желідегі парақшасында ұлдарына есімді кім таңдап, қойғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, балаларына есімді жұбайы екеуі ақылдасып, таңдаған. 

"Екі есімді де Лаура екеуміз таңдадық. Иса есімін Лаура ұсынды, екеумізге де қатты ұнады. Лаураның ойына бұл есім тосыннан келген, ал кейінірек біз оның қаншалық маңызды екенін түсіндік. Диас есімін де бірге таңдадық, бірақ бұл кезде жағдай қиынырақ болды. Екеуі әртүрлі және ерекше, мен кейде Құдай бізге осындай бақытты бергеніне сенбеймін", - деп жазған ол.

Айта кетейік, бұған дейін "Туған күніме керемет сый". Тимур Балымбетов қуанышты жаңалығын бөліскені хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Сөздердің байланысу түрлері нешеге бөлінеді?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә