"Туған күніме керемет сый". Тимур Балымбетов қуанышты жаңалығын бөлісті

"Туған күніме керемет сый". Тимур Балымбетов қуанышты жаңалығын бөлісті
Фото: іnstagram.com/balukz

Танымал жүргізуші, продюсер Тимур Балымбетовтің екінші баласы дүниеге келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сүйінші хабарды продюсер Instagram-парақшасында жеткізген. 

"Қош келдің, балам! Дәл осы күні - 4 қыркүйекте дүниеге келуді шештің, шамасы, бұл - менің туған күніме Алланың және анаңның берген ең керемет сыйы. Біз және сенің ағаң сені шексіз жақсы көреміз, балам!" - деп жазған ол. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Timur Balymbetov (@balukz)

Желі қолданушылар жүргізушінің қуанышты жаңалығына құтты болсын айтып, пікір қалдырған. 

"Бауы берік болсын", "Құтты болсын", "Керемет сыйлық деп осыны айт", "Бауы берік болсын! Балу, туған күніңізбен! Отбасыңызда әрқашан береке болсын", "Құтты болсын, туған күніңіз құтты болсын", - деп жазған олар. 

Еске салайық, Тимур Балымбетовтің бірінші ұлы Иса 2021 жылы дүниеге келген еді. Ал продюсер 2020 жылы Лаура есімді арумен шаңырақ көтерді. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек