"Сахнада жүргеніне 50 жыл". Әнші Әли Оқапов анасы туралы автобиографиялық фильм түсіргісі келетінін жеткізді

"Сахнада жүргеніне 50 жыл". Әнші Әли Оқапов анасы туралы автобиографиялық фильм түсіргісі келетінін жеткізді
Фото: instagram.com/aliokapov

Танымал әнші Әли Оқапов "Tansholpan" бағдарламасына берген сұхбатында анасы Роза Рымбаеваның сахнада өнер көрсетіп жүргеніне жарты ғасыр толуына орай, мерей тойына фильм түсіру жоспарында бар екенін бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әншінің айтуынша, фильм түсіру туралы ой індет кезінде пайда болған. Алайда қаржы құятын демеушінің табылмауына байланысты, түсірілім әлі де басталмаған.

"Жобамен айналысып жүргеніме 4 жыл болды. Пандемия кезінде көптеген тарихи тұлға туралы фильмдерді көргеннен кейін, тіпті Ресейдің өзінде де америкалық спортшы, әртістер туралы қаншама жақсы туындылар шығып жатыр, соның барлығын көріп "біздің елімізде неліктен мұндай кино көп емес?" деп өзіме сұрақ қойдым. Әрине, бізде тарихи тұлға дегеніміз хан мен батырлар, бірақ заманауи кейіпкер де көп деп ойлаймын. Мысалы, ғарышкер, өнер адамы, спортшы, ал біздің үйіміздегі ең басты кейіпкер анамыз болғандықтан, осындай фильм түсірсем деген ой келді. Бастадық, сценарийін жазып, Ұлттық кино қолдау орталығына ұсындық, бірақ әртүрлі себептерге байланысты, өкінішке қарай, бүгінгі күнге дейін қатарынан 3-4 рет іріектеуден өте алмадық. Түрлі себебі бар, келісемін, осы жолы да жолымыз болмады. Сондықтан мерейтойға үлгермейміз-ау. Себебі, оған үлгеру үшін фильмнің түсірілімін осы жылы бастауымыз керек, ал біздің жобаның тағдыры әзірге белгісіз. Бәлкім басқа бір жол, басқа қолдау мен демеуші тауып түсіруіміз мүмкін, білмеймін. Алайда ол коммерциялық тұрғыдан жоба болмағандықтан, оның пайдасын алған жерден міндетті түрде қайтарып береміз деген кепілдікті бере алмаймыз, жоба өте қымбат, әзірше нақты кесіп айта алмаймын. Көреміз, жоба тоқтатылған жоқ, арықарайда жолдарын қарастырып жатырмыз", - дейді ол.

Айта кетейік, бұған дейін "Ешкім алғысы келмеді". Барлық марапатынан бас тартқан Әли Оқапов шешімінің анық-қанығын түсіндіргені хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Көлемі 11,2 л (қ.ж) ацетиленді толық жағу үшін ауаның қандай көлемі қажет болады?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә