"Антибиотиктер мен сусындар". Тіс сарғаюының сіз ойламаған себептері

"Антибиотиктер мен сусындар". Тіс сарғаюының сіз ойламаған себептері
Фото: ru.freepik.com

Біз экраннан жиі тістері аппақ әдемі күлкіні көреміз. Бұл сұлулық эталонына айналып кетті десек те болады. Алайда негізі эмальдің табиғи түсі сарғыштау келеді. Бірақ егер тісіңіз қарайып және қатты сарғайып кетсе, бұл эстетикалық және психологиялық проблемаға әкеледі. Massaget.kz тіс сарғаюының мүмкін себептерін ұсынады.

Тұқым қуалаушылық

Әр адамның өзіне тән тісінің түсі болады. Ген ықпалынан тіс сарғыш не аппақ болуы мүмкін. Сонымен қатар, тістердің түсіне қалқанша безі немесе тироидті гормондар секрециясы қызметтерінің бұзылуы да ықпал етуі мүмкін. Олардың салдарынан тіс қарайып, тіс кіреукесінде дақ пайда болады.

Ауыз қуысы гигиенасының дұрыс сақталмауы

Ауыз қуысы гигиенасы дұрыс сақталмаса да, тіс сарғайып кетуі мүмкін. Егер оның себебі осы болса, тісіңізді стомотологқа барып тазартып, ағартқан кезде тістегі өңез кетуі керек.

Антибиотиктер ішу

Кейбір дәрі-дәрмектің құрамында тістің түсіне әсер ететін тетрациклиндер бар. Әсіресе, кішкентай балалардың антибиотик ішкеннен соң тістері сарғаюы мүмкін.

Бояуы көп өнімдер мен сусындарды жиі қолдану

Құрамында бояуы көп тағам мен сұйықтықтар тістегі өңезді бояп тастай алады. Егер тіс бетінде ұсақ жырықтар болса, қатты бояуғыш заттар тереңге еніп, тісті іштей бояуы да мүмкін.

Темекі тарту

Тісті темекі сарғайтады.

Тісжегінің болуы

Кейде тісжегі сыртқа көрініп тұрмайды. Ол жасырын болуы мүмкін, тістің ішінде орналасқан тісжегі де оның сарғайып көрінуіне әсер етеді. 

Түпкі каналдарды өте ерте емдеу

Кейде тіс жүйкесін алғаннан кейін ол қараюы мүмкін.

Тістің механикалық зақымдалуы

Зақым алған кезде тіс ішіндегі жүйке-тамырлы түйін өліп қалады. Сол кезде тіс өзінің жалтырлығын жоғалтып, күңгірттеніп кетеді және сәл қараяды.

Үйде сапасыз тіс ағартқыш қолдану

Сертификатталмаған, сапасыз және ғылыми дәлелденбеген тіс ағартқыштарды қолдану эмальді құртады. Мысалы, олар өте агрессивті болуы мүмкін. Сол үшін тіс эмалі сыртқы бояуларға әлсіз бола түседі.

Кейбір ағза патологиялары

Мысалы, бауыр немесе бүйрек проблемалары кезінде тіс сарғайып кетеді. Мысалы, бауыр ауруы кезінде тек тіс емес, көздің ағы да сарғайып кетуі мүмкін.

Қартаю 

Қартайғанда адамның тісі сарғая бастайтыны белгілі. Бұл – табиғи құбылыс. Дегенмен тіс тазалауға айрықша мән беруді ұмытпаған жөн. Дұрыс күтім – тістің тез сарғаймауының кепілі.

Ескерту: өздігінен емделу қауіпті және диагнозды тек дәрігер қоя алады.

Оқи отырыңыз: Брекеті бар адамға МРТ жасауға бола ма? Дәрігер жауабы

А. Жапатова