Брекеті бар адамға МРТ жасауға бола ма? Дәрігер жауабы

Брекеті бар адамға МРТ жасауға бола ма? Дәрігер жауабы
Фото: pixabay.com

Әдетте брекетті салдырған соң онымен бір жарым-екі жылдай жүру керек. Бұл ұзақ уақыт аралығында адамға денсаулығына байланысты МРТ түсіру керек болуы мүмкін. Алайда брекеті бар адамды МТР аппаратына түсіруге бола ма? Брекеттің металл элементтері құрылғыға әсер етуі мүмкін бе? Бұл сұраққа рентгенолог Екатерина Пешевич Styler-ге жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Брекетпен МРТ жасауға болады. Ол 1,5Т және 3Т (Тесла) МР-сканерлерінде қауіпсіз. Бұл кезде брекет те, доғасы да, тіс те зақымдалмайды. Брекеттер қызып кетуінің аздап қаупі бар, бірақ жиі ол аса байқалмайды", - дейді Екатерина Пешевич.

Оның айтуынша, әдетте брекеттер МРТ-ның магнит өрісі әсер етпейтін магниттік емес қоспадан және 316 тот баспайтын болаттан дайындалады, оған оның құрылымын өзгертетін никель секілді нақты элементтер қосады. Сондықтан бұл болат өзін магнит секілді ұстамайды.

"Кей брекеттер титаннан дайындалады. Ол магниттік емес және МРТ-ға қолдануға қауіпсіз. Керамикалық брекеттер әдетте қауіпсіз. Бірақ оның сымы никель мен титаннан тұрады, бұл екі металл магниттік болмаса да нәтижені бұрмалауы мүмкін", - деді маман.

Дәрігердің айтуынша, МРТ үшін ең қауіпсіз брекеттерге  түссіз тіссауыт жатады. Ол пластиктен дайындалады және көрінбейді, сондықтан ол МРТ жасауға кедергі келтірмейді.

Брекет тексеріс нәтижесін бұрмалауы мүмкін бе?

"Процедура қауіпсіз болғанымен, оны жасамас бұрын брекет жайлы МРТ зертханашысына айту керек. Себебі брекет аппараттың магнит өрісіне бөгет жасауы мүмкін. Бұл кезде сурет бұрмалануы мүмкін", - деп ескертті дәрігер.

Зертханашы немесе рентгенолог брекет жайлы білсе, сканерлеудің параметрін бұрмалану болмайтын етіп таңдауға тырысады.

Оқи отырыңыз: Брекет таққан соң нәтиже қашан пайда бола бастайды?

А. Жапатова