Отыз рет пышақтап тастаған: Маңғыстаудағы жантүршігерлік оқиғадан зардап шеккендер туралы айтылды

Маңғыстау облысында ауыл тұрғыны оқушыны зорлап, ағасын өлтірмек болған еді. Зардап шеккен 20 жастағы жігіт пен оның 14 жастағы қарындасының жағдайы орташа ауыр. Оларға шұғыл ота жасалған. Бұл туралы Жетібай ауылдық ауруханасының директоры Берік Қаунов мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Зардап шеккен 20 жастағы жігітке шұғыл ота жасалған. Оның денесінде 30-ға жуық пышақ жарақаты болған. 2010 жылы туған қыздың да жарақаты көп болған. Оған да шұғыл ота жасалды.

Еске салайық, бұған дейін осы дерек бойынша соталды тергеп-тексеру басталғаны хабарланды. Масаң күйде болған күдіктінің қолынан зардап шеккен оның көршілері - 23 жастағы жігіт пен оның қарындасы.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!